Kts23.ru

АЗС оборудование
0 просмотров
Рейтинг статьи
1 звезда2 звезды3 звезды4 звезды5 звезд
Загрузка...

Семей цемент зауытыны тарихы

Семей цемент зауытыны тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СЫЙЛЫҒЫ

You are here

Ең төзімді цемент осында шығарылады

Қазақстан мен Франция бірлесіп салған «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС – кәсіпкерлер арасында өтетін облыстық және республикалық байқаулардың тұрақты қатысушысы және бірнеше мәрте жеңімпазы

Биыл компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысып отыр. Зауыттың бірегейлігі неде? Бұл өндіріс қоршаған ортаға қауіпті ме? Қазақстандықтар бірлескен компанияда қалай жұмыс істейді? Осы және өзге де мәселелер жөнінде біз компания директоры Пьетро Кала мырзамен әңгімелестік.

– «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС – бұл алғашқы қазақстан-француз бірлескен цемент зауыты. Оның бірегейлігі неде және біздің өңір, тұтас ел экономикасы үшін оның маңызы қаншалықты?

– Бүгінгі таңда бұл құрғақ тәсіл өндірістік технологиясын жолға қойған Қазақстандағы ірі зауыттардың бірі. Бұл технология 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі инновациялық-индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым жобалардың бірі саналады. Экономикалық маңызды нысандар қатарына енгендіктен, зауыт құрылысын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бақылады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 1,4 миллион тонна цементті құрайды. Бұл күннен-күнге өсіп келе жатқан қазақстандық нарық сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік бермек. Цемент зауыты Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында орналасқан.

Зауыт ҚТЖ-ға жалғанған жеке темір жол терминалымен жабдықталған және көлемді жеткізілімдерді тікелей делдардарсыз және аралық баға қосусыз қамтамасыз ете алады. Өндірілген цемент сапасы қазақстандық және еуропалық сапа стандарттарына сай келеді. Жеке темір жол паркі цементті Қазақстанның кез келген жеріне жеткізу мәселесін тез әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Жүктелім қапсыз, қаппен және биг-тегпен жүзеге асырылады. Зауыт Алматы-Астана автожолына және темір жол магистраліне жақын жерде орналасқан. Сонымен бірге, терминалдардың тармақты желісі жеткізу және тиеу мәселесін жедел түрде шешуге мүмкіндік береді.

Читайте так же:
Раствор готовый кладочный цементный известковый марки 50

– Егер бұрын зауыттар салғанда кіріс пен жұмыс орындарының санына ғана көңіл бөліп, өндірістің қоршаған ортаға қауіпсіздігі мәселесіне назар аудармайтын болса, бүгінде жағдай түбегейлі өзгерген. Экологиялық кодекстің қабылдануы, Киот хаттамасына қосылу – мұның бәрі елде қоршаған қоршаған ортаға қауіпсіздік мәселесі маңызды мәнге ие болып келе жатқандығының белгісі. Бұл жайт сіз үшін маңызды ма, соған тоқталсаңыз?

– Әлбетте. Өндірісте қоршаған ортаны қорғау бойынша алдыңғы қатарлы технологиялар жолға қойылған және белсенді түрде қолданысқа енген. Зауыт толығымен экологиялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік нормалар мен талаптарға жауап береді.

Кәсіпорында жеке сынақ зертханасы жұмыс жасайды. Цемент сапасы сағат сайын бақыланады. Кәсіпорын өнімі міндетті мемлекеттік сертификациядан өткен. Зауыт өнімдері сипаттамалары Қазақстан Республикасы нормаларына толық сәйкес, өндірілетін тауар түгелдей Қазақстаннан шығады.

– Зауытта цементтің қандай маркалары шығады?

– Дайын өнімдер номенклатурасында Портландцемент 400 Д20 және Портландцемент 500 Д0 бар. Әмбебап ПЦ 400 Д20 маркалы цемент беріктігімен және икемділігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге, ол аязға және суға төзімді. ПЦ 400 беріктік көрсеткіші саналады, одан жасалған бетон өнімдері 400 кг/см 2 дейінгі жүктемені көтере алады; Д20 берік және икемді бола түсу үшін цементке қосылатын қоспалар барлық көлемнің 20%-ын құрайтынын көрсетеді. ПЦ 500 маркалы цементтен жасалған бұйымдар жоғары беріктігімен, төзімділігімен, температураның ауытқуларына, су және коррозияға шыдамдылығымен ерекшеленеді. ПЦ 500 беріктік көрсеткіші саналады, одан жасалған бетон өнімдері 500 кг/см 2 дейінгі жүктемеге шыдай алады; Д0 цемент құрамында қоспалар жоқ екенін көрсетеді. Бұл құрылыстағы ең танымал цемент маркасы.

– «Бәрін шешетін – кадрлар» деген сөз қазіргі кезде де өзектілігін жоймаған. Қызметкерлеріңіз үшін қандай еңбек жағдайлары жасалған? Зауытта қанша адам еңбек етеді?

– Бүгінгі таңда компанияда мердігерлік ұйымдар қызметкерлерін қоспағанда 247 адам еңбек етеді. Компания жұмысшыларды оқыту және біліктілігін арттыру мәселесіне көп назар аударады. Компания негізгі инвесторы – Vicat француз тобының білікті мамандары ішкі тренингтер өткізіп отырады. Барлық техникалық мамандар мен инженерлер үшін міндетті оқыту және біліктілікті арттыру курстары, қызметкерлерді қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша оқыту қарастырылған. Жоспардан тыс, жеке, ұжымдық (топтық) оқытулар қаржыгерлер, заңгерлер, сатып алулар мен логистика жөніндегі мамандарға арнап жүзеге асады. Компанияның әр қызметкері жақсы әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген, оған міндетті медициналық сақтандыру, қолайлы тұрғынжай және 4-реттік тамақтану (зауыт қызметкерлері үшін), сонымен бірге түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар кіреді.

Читайте так же:
Приготовление бетона пропорции цемент м400

– Бизнеске арналған түрлі байқауларға қатысуға қалай қарайсыз? Марапаттар бар ма?

– Компания жыл сайын түрлі байқаулар мен көрмелерге табысты түрде қатысады. Тек 2015 жылы ғана біз «Үздік салық төлеуші», «Сала көшбасшысы-2015» сертификаттарына ие болдық. 2013-2014 жылғы саралау нәтижелері бойынша кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы ОКЭД 23.51.0 рейтингінде «Жеке кіріс салығы» критериі бойынша бірінші орынға ие болды. Сонымен бірге, 2015 жылы біз «2015 жылдың үздік басшысы» сертификатына қол жеткіздік. Бұл сертификат алға қойған міндеттерді адал орындағаны үшін, үздік еңбек жетістіктері үшін, кәсібилігі және компания мен ұжым мүддесіне адал болғандығы үшін беріледі. 2014 жылы біз «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша үшінші дәрежелі дипломына ие болдық; 2013 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші дәрежелі дипломына ие болдық; Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен инвестициялық қызмет үшін марапат, моноқаладағы жобаны жүзеге асырудағы инвестициялық белсенділік үшін дипломға ие болдық. 2001 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші дәрежелі дипломын алдық.

– Мақтануға тұрарлық! «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысты жоспарыңыз қандай?

– Жоғарыда айтып өткенімдей, компания «Қазақстанның үздік тауары» байқауына жыл сайын қатысады. Байқау бізге қызметімізді жетілдіру бойынша өзімізге баға беру, өзге қатысушы кәсіпорындар жұмысын шынайы бағалау мүмкіндігін, сонымен бірге бизнестегі түрлі жаңалықтарды білуге мүмкіндік береді. Бұл, сөзсіз, үлкен артықшылық болып саналады.

– Сұқбатыңыз үшін үлкен рақмет! Алдағы байқауда сәттілік тілейміз!

1945-1991 жылдар

h122

Соғыстан кейінгі жылдары Семейде халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жалғасты. «Бәрі халық үшін» деген ұранмен 1946 жылдан бастап қала кәсіпорындары отандық өнімдерін шығара бастады.

Читайте так же:
Репин цемент для зубов состав

Ертіс жағалауындағы көп қабатты үйлер, соңғы жобамен салынған аэропорт, темір жол, өзен вокзалы, театр үйі, кинотеатрлар, неке сарайы, «Рахат» тұрмыс қажетін өтеу үйі, орталық мейманхана т.б. құрылыстар сол кездегі Семей қаласының ажарын аша түсті.

1949 жылғы 29 тамызда Семей жерінде әлемді дүр сілкіндірген оқиға өтті. Ол ядролық қуаты 20 килотонналық алғашқы ядролық сынақтың өткізілуі болды. 1949 –1989 жылға дейін 40 жыл ішінде Семейден 120 шақырым жердегі полигонда 458 ядролық жарылыстар, 88 әуе, 30 жер үсті, 340 жер асты жарылыстары жасалған. Осы кезең ішінде 500 мыңнан астам адам ионды сәуле алды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов: «Өкінішке қарай, ядролық сынақтардың апатты зардабы уақыт озған сайын күшейе түсіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, барған сайын қатерлі әсер етуде. Бұл зардаптарды жою халықты емдеу, сауықтыру, денсаулығын қалпына келтіру, әлеуметтік қорғау жөніндегі арнаулы мемлекеттік бағдарлама мен кешенді шараларды жүзеге асыруды қажет етеді», – деді. Бүгінде Семей қасіреті — әлемдік деңгейде шешуді қажет ететін жаһандық мәселеге айналғаны құпия емес.

1960 жылдардың басында Семей қаласы Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіпті қала атанды. Жеңіл кәсіпорындар «Большевичка», «Аяқ киім», «Тері-мех» комбинаттары халыққа жаңаша қызмет ете бастады. Осы кезден бастап көптеген зауыттар ашылып, алғашқы өнімдерін шығара бастады.

1950 жылдардан бастап цемент зауыты, жүн өңдеу зауыттары салынып, Семей ет-консерві комбинаты кеңейтіліп, тұрғын үй құрылысы дамыды. Цемент зауыты қаладағы асбестцемент өнімдерін, силикат кірпіштерін шығаруға көп септігін тигізді.

1961 жылы Семей асбест-цемент (шифер) бұйымдары зауыты құрылыс материалдарын шығаруда республика бойынша жетістіктерге жетті.

Қала халқының өсуіне байланысты Ертіс өзенінен өту барысында жаңа көпір салу ісі қолға алынды. Сөйтіп 1964 жылы белгіленген мерзімінен 2 жыл бұрын автомобиль және жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып бітті.

Читайте так же:
Соотношение цемента песка щебня для бетона м400

1950 жылдардан бастап қалада мектептер, клубтар, кинотеатрлар халықтың рухани қажетін өтейтін мәдени орталықтар салына бастады. Қала тіршілігін жандандыруда жаңадан су құбырлары тартылып, гүлзарлармен көркейту сияқты абаттандыру жұмыстары жалғасын тапты.

80-жылдардың ортасында қала құрылысын жандандыруда құрамында бейруда материалдары, тас өңдеу комбинаттары, тәжірибе механикалық ірі панельді үй құрылысы зауыттар енген темір-бетон өндірістік бірлестігі қалада көп қабатты сәнді үйлер салуда қарқынды жұмыстар жүргізілді.

Өнеркәсіп пен құрылыс жұмысы еңбекшілердің мәдени және тұрмыстық қажетін өтеу, денсаулық сақтау мен оқу ісін жақсарту мәселелері бірінен кейін бірі орындалып жатты. Халықтың білімін, мәдениетін көтеруде ашылып жатқан кітапханалар, клубтар, кинотеатрлар, мұражайлар саны көбейе бастады. 1958 жылы қалалық мәдениет үйі салынып, көптеген көркемөнерпаздар үйрімелері белсенді жұмыс істеді.

Семей жастардың қаласы атанды. 1980 жылдары Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі – Семей қаласы бірнеше оқу орындарының рухани білім ордасы болғаны анық, оның ішінде мемлекеттік медицина инстиуты, педагогикалық институт, зоотехникалық-малдәрігерлік және технологиялық институттар болды. Қалада 15-ке жуық техникумдар мен училищелер: автомеханикалық, қаржы, құрылыс, медициналық, педагогикалық, мәдени-ағарту училищелері қызмет етті. 1976 – 1980 жылдар арасында қала оқу орындары 22 мың мамандар дайындап шығарды.

1985 жылы Семейде Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинаған ірі мәдениет орындарының бірі – Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының ашылды. 1988 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Советінің шешімімен жеке мұражай ретінде таныла бастады.

Семей облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармония, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы, Ф.Достоевский атындағы орыс драмалық театры, тарихи- өлкетану мұржайы тағы басқа мәдени орталықтар халыққа әлі де қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Әдебиеттер тізімі:
Асанқызы Р. Семей – халқымыздың мәдени-рухани бесігі// Семей таңы.- 1998.- 20 тамыз
Бапанова Ә. Өңір өркендеп келеді// Семей таңы.- 2008.- 7 ақпан
Мағауина З. Семей: кеше және бүгін.-Семей: «Талант», 2010.-75 б.
Семей: кеше және бүгін // Семей таңы.-1998.-10 қыркүйек.-11 б.
Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-400 б.
Өзгеріп, өңейген қала: (Семей – 270) // Семей таңы.-1988.-9 сентябрь
Тарихтың қоймасындай, біздің Семей осындай // Семей таңы.-1988.-30 сентябрь

голоса
Рейтинг статьи
Читайте так же:
Цемент водоотделение цементного теста
Ссылка на основную публикацию
Adblock
detector